«Дарындар шашуы» фестивалі

2025 жылғы 3 маусымда Алтай ауданының мектеп оқушылары арасында облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі конкурстар мен олимпиадалардың жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді. «Зерде» бастауыш сынып оқушыларының республикалық зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңінің жүлдегері 3 «А» сынып оқушысы Төлеухан Жансая, «Алтын сақа» математика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегері 3 «Б» сынып оқушысы Вильценс Эмилия, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегері (орыс тілі мен әдебиеті) 7 «В» сынып оқушысы Комнацкая Ксения. Оқушылардың жетекшілері Қасқырбаева А.О. , Қизатова Е.И. және . Мархилева Ю.В. алғыс хаттармен марапатталды.

Scroll to Top